Platonus жаңалықтары
Platonus TV Plus
Енді Platonus — бұл тек сабақ кестесі, бағалар мен оқу материалдары ғана емес. TV+ платформасымен бірге біз қосымшаға фильмдер мен сериалдарды қостық. Енді сабақтан кейін үйреншікті сервистен шықпай-ақ, сүйікті контентіңізге ауыса аласыз.
Студентке қажеттінің бәрі енді бір жерде жинақталған. TV+ каталогы Platonus Lite, Plus және Premium жазылымдарында қолжетімді. Platonus Plus жазылымында 7 күндік тегін сынақ мерзімі де қарастырылған. Бөлек қосымшаларды жүктеудің, жаңа аккаунттар ашудың немесе бірнеше жазылымға төлеудің қажеті жоқ. Platonus-ты ашып, «Сервистер» бөліміне өтіп, кешке, демалыс күндері немесе университетке бара жатқан жолда көретін контентіңізді таңдаңыз.Біз оқу мен демалыс бірін-бірі толықтыратын цифрлық кеңістік құрып жатырмыз. TV+ платформасымен серіктестік — Platonus экожүйесін дамытудағы жаңа қадам. Ал алда студенттерге арналған бұдан да көп топтамалар, арнайы ұсыныстар мен пайдалы контент бар.
Біз оқу мен демалыс бірін-бірі толықтыратын цифрлық кеңістік құрып жатырмыз. TV+ платформасымен серіктестік — Platonus экожүйесін дамытудағы жаңа қадам. Ал алда студенттерге арналған бұдан да көп топтамалар, арнайы ұсыныстар мен пайдалы контент бар.
Platonus TV PLUS-ты пайдаланып көру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
Немесе сайтқа мобильді құрылғы арқылы кірсеңіз, сілтеме бойынша өтіңіз - Толығырақ білу
07.10.2026